Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Маңғыстауда полиция West Oil Software қызметкерлерінің ереуіліне байланысты қылмыстық іс қозғады

Маңғыстауда полиция West Oil Software қызметкерлерінің ереуіліне байланысты қылмыстық іс қозғады
Vlast.kz
Прокурор жағдайды келіссөздер арқылы заңды түрде шешуге шақырды


 

Жұмысшыларға қатысты «сот заңсыз деп таныған ереуілге қатысуды жалғастыру» бабымен қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды KYN.KZ.

Айтуғановтың айтуынша, заңсыз ереуіл болған жерге шатыр орнату, үндеу жасау және тағы да басқа да көмек көрсету осы баптың аясында қарастырылады. Прокурор жағдайды келіссөздер арқылы заңды түрде шешуге шақырды.

Жетібайда West Oil Software компаниясының 500-ге тарта жұмысшысы 11 желтоқсаннан бері ереуілдетіп жатыр. Олар жұмысты тоқтатқанын хабарлап, өздерін "ҚазМұнайГазға» қосуды сұрады. Әрі бірыңғай еңбекақы талап етті. 13 желтоқсанда компания 7 адамды жұмыстан шығарды. Ал «ҚазМұнайГаз» төрағасы Мағзұм Мирзағалиев сервистік компания қызметкерлерін «ҚазМұнайГаз» штатына алу мүмкін емес деп хабарлады.

Ұқсас жаңалықтар