Үй жағдайында тісті қалай ағартуға болады?
Тісіңіз маржандай аппақ әрі сау болу үшін не істеу керектігін біле жүріңіз
Әдемі күлкі мен сау тістер барлығымыздың арманымыз. Тіс күтіміне байланысты KYN.KZ дайындаған үй жағдайында орындауға болатын кеңестерден хабардар болыңыз. Тұздың көмегімен тісті ағартып, қатайту Тұз қызыл иекті жақсы қатайтып, ауыздағы жараларды жазады. Сондай-ақ, ауыздан жағымсыз иістің шығуына жол бермей, тісті ағартады. Кез-келген ұсақталған тұз тіске көмектеседі. Алайда, теңіз тұзының жөні бөлек. Суға жуылған марлінің бір бөлігіне тұз салыңыз да, тісіңіз бен қызыл иегіңізді сүртіңіз. 1 шай қасық тұзға 1 ас қасық зәйтүн майын қосып (өсімдік майын да қолдануға болады) паста жасауға да болады. Араласқан май мен тұзды қолға жағып, 5 минут бойына тісіңізді сүртіңіз. Соданың көмегімен тісті ағартып, қатайту Тіс пен қызыл иекті қатайтудың ең қарапайым тәсілі – тіс щеткасына аздаған паста жағып, үстіне сода себу. Мұндай әдісті аптасына 1 рет қайталаңыз. Өйткені, көп қайталаса эмаль кетіп қалуы мүмкін. Мынадай пастаны жасауға да болады: жарты шай қасық содаға 10-12 тамшы сутек тотығын және аздаған лимон шырынын қосыңыз. Содан соң, бірнеше минут бойына тісті екі жағынан мақтамен сүртіңіз. Процедура аяқталған соң, 15 минут бойы ештеңе ішіп-жемеңіз. Мұндай рецепт ауыздан жағымсыз иіс шығармайды, сондай-ақ, қызыл иекті қатайтып, тісті ағартады. Тісті ағартып, қатайтуға арналған, үй жағдайында дайындалатын паста Қызыл иек ісігін емдеп, ауыздан шығатын жағымсыз иістен арылып, қызыл иекті қатайтып, тісті ағарту үшін келесі рецептті қолданыңыз: 1 шай қасып ұсақ тұз бен 1 шай қасып балды араластырыңыз. Бұл қоспамен тісіңізді аптасына 1-2 рет жуыңыз. Шай ағашының майымен тісті ағартып, қатайту Шай ағашының майы бактерияға және асқынуға қарсы дәрі ретінде танымал. 1 стакан қайнаған суға 3-4 тамшы шай ағашының майын қосыңыз да, аузыңызды осы қоспамен жүйелі түрде шайып тұрыңыз. Егер қызыл иегіңіз асқынған болса, шай ағашының майымен шыланған мақтаны тісіңіз бен қызыл иекке басыңыз.