Мөлдір Әуелбекованың сахнадан кететіні рас па?
Әншінің өнер әлемінен кетуді ойлап жүргені белгілі болды
Мөлдір Әуелбекованың өнерден кетуі жайлы әнші Ғаділбек Жаңай Instagram парақшасында айтты, деп хабарлайды KYN.KZ.
"Мөлдір "Өнерден кетсем бе" деп ойланып жүр екен. "Қыз балаға қиындау" дейді", - деп жазды Ғаділбек Жаңай.
Видеодан Мөлдір Әуелбекова мен Ғаділбек Жаңайдың дастарқан басында отырғанын байқауға болады.
Ал желі қолданушылары сүйікті әншісінің бұл жаңалығына жарыса пікір жазып, Мөлдір Әуелбекованың сахнадан кеткенін қаламайтынын жеткізді.
"Құдайдың берген өнерін тұншықтыруға болмайды", "Дауысы керемет", "Сағынамыз", "Соңғы кезде көрінбей кетті", "Кетпесін", "Дауысы жақсы", - деп жазды желідегілер.