Қоғам

Қазақстанда автокөлік бағасы арзандады

2023 жылы еліміздегі ең көп сатылған автомобиль брендт- Chevrolet

Қазақстанның автокөлік одағының мәліметінше, жыл басынан бері қазақстандық дилерлер 175 255 көлік сатқан, деп хабарлайды KYN.KZ.

Қарашаның соңында Қазақстанда автокөліктің орташа бағасы 14 млн 810 мың теңгеге дейін төмендеген. Бұл жағдай елдегі автокөлік саудасының артуына оң әсер етпек.

Қарашада Қазақстанда 17 538 жеңіл, сондай-ақ 1 429 жүк көлігі мен автобус сатылды. Бұл 2022 жылғы қарашамен салыстырғанда 54,1%-ға артық.

2023 жылғы қарашадағы жағдай бойынша Қазақстанда ең көп сатылған автомобиль брендтері Chevrolet (4243 автомобиль, жылына +35,7%), Hyundai (3605, +16,9%), Kia (2101, +22,3%), Toyota (1252, +79,4%) және Chery (1218, +58,8%) болды.