Мәдениет

"Мәселемді шешіп берді": Мөлдір Әуелбекова өзін Мейрамбек Бесбаевпен не байланыстыратынын жеткізді

Әнші Мөлдір Әуелбекова Мейрамбек Бесбаевтың өзіне көп көмегі тигенін айтты

Өнер иесі "Ұйқым келмейді" бағдарламасында "Музарт" тобының әншісімен өзін не байланыстыратынын, деп хабарлайды KYN.KZ.

"Ата-анам, балам, қызым және Мейрамбек ағама алғыс айтамын. Мейрамбек аға - менің туған ағам. Шынын айтсам, өмірімде үлкен рөлі бар. Жай ғана араласып қоя салатын адам емес. Бір-екі мәселем болған кезде, ол кісі қатты көмектесті. Үлкен мәселелер туындағанда ағаны іздеймін. Ешқашан бас тартқан емес. Өте қысқа мерзімде мәселемді шешіп береді. Өмірімде де, өнерімде де үлкен рөл алады", - деді Мөлдір Әуелбекова.