Қоғам

«Ирина Кайратовна» тобының экс-режиссері: Дәурен Абаев Назарбаев туралы кино түсіруді ұсынды

Экс-режиссер Назарбаев жайлы кино түсіру туралы ұсыныс түскенін жеткізді

Қуаныш Бейсек көптеген шенеуніктердің 5 k клипінен кейін дос болғысы келгендерін жасырмады, деп хабарлайды KYN.KZ.


«Біраз шенеуніктер 5 k клипінен кейін менімен дос болғысы келді. Олардың арасында Дәурен Абаев бар. Мен бірден еркін адам екенімді айтты. Әрине, билікті басып алу, революция, анархия дегендерді қолдамаймын. Бірақ халықтың мүддесі болу керектігін жеткіздім. Керек жерде өз ойымды айтатынымды, олардың қалауымен жүрмейтінімді білдірдім»,- дейді Қуаныш Бейсек «Замандас» подкастында.

Ол Дәурен Абаевтың тікелей миллиондаған доллар ұсынбағанын, бірақ араға адамдар салып әр түрлі ұсыныстар жасағанын жасырмады.

«Билікте жүрген соң, ақылды. Тікелей өзіме ешқандай «откат» ұсынбады. Бірақ біреулерді жіберіп, ананы түсірейік, мынаны түсірейік дегендері болды. Тіпті, Назарбаев жайлы кино түсіруді ұсынды. Мен ешқашан ондай қадамға бармайтынымды жеткіздім», - дейді режиссер.