Мәдениет

«Қазан айындағы жағдайдан кейін дертім асқынып кетті»: Әли Оқапов қатты ауырып қалғанын айтты

Әнші шетелден демалып, елге келгенде бірден жұмысқа кірісіп кеткенін жеткізді

Әнші Әли Оқапов жүйкесінің сыр бере бастағанын айтты, деп хабарлайды KYN.KZ.

«Әлі иммунитетім әлсіреп тұр. Сондықтан сырқаттанып қалдым. Алайда дәл қазір ауыратын уақыт емес еді. Жақындарыңызды қорғап, денсаулықтарыңызды күтіңіздер! Ауырып қалсаң, өте қымбатқа емделесің. Үш дәріханаға барып, дәрігер тағайындаған дәрілерді таптым. Негізі менің жүйкем сыр беруден бастады. Қазан айында болған оқиғадан кейін тәуір бола алмай жүрмін. Сол кезде өзімді тастап жібергенде отбасым мені Таиландқа алып барды. Ол жақта өзіммен жұмыс істеп, кішкене өз-өзіме келгендей болдым. Бірақ бірінші күні ұшқанда өзімді жаман сезіндім. Жағдайым күрт нашарлап кетті», -дейді Әли Оқапов.

Ол шетелден демалып, елге келгенде бірден жұмысқа кірісіп кеткен. Концерттерге қатысып, түсірілім, жобалардың бәрінде өнер көрсеткен.