54 миллион теңге қарызын төлеуден бас тартқан қазақстандық алты жылға сотталды
Теміртау қаласының тұрғыны 1 жыл бойы қарызды өтеудегі талаптарды елемегені анықталды
Теміртау қаласының полиция бөліміне 45 жастағы әйел 31 жастағы жергілікті тұрғынның өзіне қомақты сомада қарыз екенін және ақшаны қайтарудан үзілді-кесілді бас тартқанын айтқан, деп хабарлайды KYN.KZ.
Ол Оның үстіне сот бұған дейін ер адамды қарызды төлеуге міндеттеген.
Полиция ҚР Қылмыстық кодексінің 430-бабына сай сотқа дейінгі тергеуді бастады. Теміртау қаласының тұрғыны бір жыл бойы қарызды өтеу туралы талаптарды елемегені анықталды.
Ол төлеуден бас тартқан сома - 54 миллион теңге. Ер адам сот актісін орындау тәртібін бұзып, мемлекеттік органдардың жұмысына кедергі келтірген. Бұл үшін ол үйқамаққа алынды.
Тергеу аяқталған соң борышкерге қатысты іс Теміртау қалалық сотына жіберілді. Сот ер адамды алты жылға бас бостандығынан айырды. Үкім заңды күшіне енді.