Қоғам

«Дәулет Мұқаев отставкаға кетсін»: Алматыда блогерге сеніп үйге ақша салған азаматтар Президентке жүгінді

Халық әлеуметтік желі арқылы Мемлекет басшысына үндеу жолдады

Алматыда блогерге сеніп үйге қаражат аударған азаматтар Мемлекет басшысына үндеу жариялады, деп хабарлайды KYN.KZ.

«Құрметті Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев! Біз сізге осы видеоүндеуді жолдауға мәжбүрміз. Себебі Алматы қаласы Мәдениет ықшам ауданында DOSTAR DELUXE деп аталатын тұрғын үй кешеніне үлескер ретінде ақша салғанбыз. Құрылыс жүргізуші компания – MAX BET PV2. Директоры – Нұрмағамбетов Берік Темірғалиұлы. Келісімшарт бойынша осы жылдың төртінші тоқсанында, яғни желтоқсан айында тұрғын үй кешені пайдалануға берілуі керек болған», – дейді видеоүндеу жолдаған азаматтар.

Олар қазіргі таңда құрылыс жұмыстары тоқтап тұрғанын айтады. Себебі үшінші теміржол вокзалы салынатындықтан, әкімдік құрылысты тоқтатқанын атап өтеді.