Мәдениет

"Тағы 40 жыл қызмет етемін": Қабатовтың әйелі оны сахнаға қалай дайындайтынын көрсетті

Өнер иесі жолдасына 20 жыл бойы қызмет етіп жүргенін алға тартты

Мөлдір Мұқанова Тұрсынбек Қабатовтың сахнаға шығар алдындағы дайындығы толығымен өз мойнында екенін жеткізді.
 

Продюсер Instagram парақшасында жолдасына концерт кезінде қалай көмектесетінін көрсетті. Мөлдір Мұқанова ел алдына шықпас бұрын отағасына кофе әзірлеп, барлық киімін өзі үтіктеп береді екен. Әзілкештің жары бұл қызметте жүргеніне 20 жыл болғанын айтты. Ол күйеуіне әлі 40 жыл бойы қызмет етуге дайын екенін жеткізді.

"Осылай жүргеніме 20 жыл болыпты. Енді 40 жыл қызмет етуге дайынмын. Сосын демаламыз. Сенің жетістігің – менің жетістігім. Алла жар болсын", – деген жазба қалдырды Мұқанова.