Қоғам

Қазақстанның 5 облысында республикалық маңызы бар автожолдар жабылды

Республикалық маңызы бар автожолдардың 21 учаскесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді

Ұлттық оператор еліміздегі қозғалысы шектелген учаскелерді атап көрсетті деп хабарлайды KYN.KZ.

Ақмола облысында - 6 учаске 1. "Астана-Петропавл" автожолында 18-234 км, Астана қ. - Щучинск қ. дейін.
2. "Көкшетау-Атбасар" автожолында 47-184 км, Зеренді ауылынан - Атбасар қаласына дейін.

3. "Екатеринбург - Алматы" автожолында 917-1230 км, Жақсы ауылынан - Қажымұқан ауылына дейін.

4. "Қостанай-Әулиекөл-Сұрған" автожолында 232-260 км, Қостанай облысының шекарасынан - Сұрған ауылына дейін.

5. "Жезқазған-Петропавл" автожолында 377-552 км, Қостанай облысының шекарасынан - Сұрған ауылына дейін.
6. "Жақсы-Есіл-Бұзылық" автожолында 0-82 км, Жақсы ауылынан - Бұзылық ауылына дейін. Бұл өңірде көктайғақ, тұман, шектеулі көрініске байланысты көліктің барлық түріне шектеу енгізілген.
Ақтөбе облысында - 4 учаске.

1. "Самара-Шымкент" автожолында 526-610 км. Батыс Қазақстан облысының шекарасынан - Қобда ауылына дейін. Көктайғаққа байланысты көліктің барлық түріне шектеу енгізілген.

2. "Самара-Шымкент" автожолында 776-844 км, Ақтөбе қ. - Хромтау қ. дейін.
3. "Қарабұтақ-Комсомольское-Денисовка-Рудный-Қостанай" автожолында 0-234 км, Қарабұтақ ауылынан - Қостанай облысының шекарасына дейін.

Шектеу жүк көліктері мен қоғамдық көліктерге енгізілді. 4. "Самара-Шымкент" автожолында 844-1153 км, Хромтау қ. - Ырғыз ауылына дейін. Бұл өңірде қар, жел, көктайғаққа байланысты көліктің барлық түріне шектеу енгізілгені ескертіліп отыр. Жетісу облысында- 1 учаске. 1. "Үшарал-Достық" автожолында 84-184 км, Көктұма станциясынан - Достық станциясына дейін. Көліктің барлық түріне шектеу енгізілді. Бұл ескерту бұрқасын мен шектеулі көрініске байланысты екен. Батыс Қазақстан облысында - 1 учаске. 1. "Самара-Шымкент" автожолында 393-526 км, Жымпиты ауылынан - Ақтөбе облысының шекарасына дейін. Көліктің барлық түріне шектеу енгізілгені айтылады. Бұл көктайғаққа байланысты. Қостанай облысында - 9 учаске.

1. "Қостанай-Әулиекөл-Сұрған" автожолында 218-232 км, Октябрьское ауылынан - Ақмола облысының шекарасына дейін.

2. "Жезқазған-Петропавл" автожолында 339-377 км, Арқалық қ. - Ақмола облысының шекарасына дейін. Көліктің барлық түріне шектеу енгізілгені ескертілген. Ақмола облысында ауа райы нашарлаған.

3. "Қарабұтақ-Комсомольское-Денисовка-Рудный-Қостанай" автожолында 234-386 км, Ақтөбе облысының шекарасынан - Денисовка ауылына дейін. Шектеу жүк және қоғамдық көлік түрлеріне енгізілгені ескертілген. Ақтөбе облысында ауа райы нашарлаған.

4. "Қостанай-Әулиекөл-Сұрған" автожолында 108-218 км, Әулиекөл ауылынан - Октябрский ауылына дейін.

5. "Қостанай-Әулиекөл-Сұрған" автожолында 7-108 км, Тобыл қ. - Әулиекөл ауылына дейін.

6. "Екатеринбург-Алматы" автожолында 556-686 км, Тобыл қ. - Сарыкөл ауылына дейін.

7. "Екатеринбург-Алматы" автожолында 418-539 км, Қарабалық ауылынан - Қостанай қаласына дейін.

8. "Мамлютка-Қостанай" автожолында 250-404 км, Тобыл қ. - Ұзынкөл ауылына дейін.

9. "Қарабұтақ-Комсомольское-Денисовка-Рудный-Қостанай" автожолында 386-503 км, Рудный қ. - Денисовка ауылына дейін. Шектеу жүк және қоғамдық көлік түрлеріне енгізілгені ескертіліп отыр. Нөлден төмен температурада жаңбыр, көктайғақ, екпінді жел тұратыны айтылады.