«Бәрі Forbes-та»: Ірі сауда орталықтарын басқаратын олигархтар салықтан жалтарған
Депутаты Анас Баққожаев сауда және интеграция министрін ірі сауда орталықтарын тексеруге шақырды
Депутаттың айтуынша, көп бутикте есептегіш құрал жоқтығын пайдалана отырып, сауда орталықтары коммуналдық төлемдерге ойына келген бағаны қояды, деп хабарлайды KYN.KZ.
"Ірі сауда орталықтары мен сауда үйлері бағаның көтерілуіне кінәлі. Солардың қожайындары кінәлі деп ашық айта алам. Бүгінгі таңда ірі сауда орталықтарының қожайындарының бәрі – Forbes тізіміндегі олигархтар. Олар ешқандай қоғамның талабына бағынбайтын, мемлекет ішіндегі мемлекет құрып алған. 2018 жылы сауда орталықтарындағы бутиктерді жалға беру құны 1 шаршы метріне 4 мың теңге болса, қазір 21 мың теңге. Демек, бес есе өскен. Нәтижесінде, киім-кешекті бағасы жыл сайын өсіп жатыр",– деді Анас Баққаожаев мәжілістегі үкіметтік сағатта.
Депутаттың айтуынша, көп бутикте есептегіш құрал жоқ. Соны пайдалана отырып, сауда орталықтары коммуналдық төлемдерге ойына келген бағаны қояды. Араны ашылғаны соншалық, олар жалға беру бағасын қымбаттатумен қатар, екі-үй алдын ала депозит талап етеді. Осылайша, маңдайы терлемей, миллиардтап пайда тауып отырған сауда орталықтары мемлекетке салық төлемеудің де жақсы ойластырған. Олардың басым бөлігі жалға беру ақысын қолма-қол алады. Кірістерін жасырып отыр. Осының бәріне саудагерлерді «сауда үйлерінен шығарып тастаймыз» деп қорқытады.