Қоғам

Діни экстремизм мен терроризмді насихаттайтын 14 мыңнан астам материал жойылды –Аида Балаева

Мәдениет және ақпарат министрі терроризмге қарсы істердің жүзеге асу барысын атап өтті

Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева дін саласындағы жат ағымдарға қатысты ақпаратпен күрес қалай жүргізіліп жатқанын айтты, деп хабарлайды KYN.KZ.

«Бұл - ақпараттық-түсіндіру жұмыстары, деструктивті діни көзқарастағы азаматтарды райынан қайтару және интернет арқылы діни экстремизм идеологиясына қарсы жұмыстар. Әрине, мәселенің салдарымен емес себебімен күресу керек екені айқын. Сондықтан да діни экстремизм мен терроризмді насихаттайтын 14 мыңнан астам заңсыз материалдар жойылып, бұғатталды. БАҚ-та, танымал әлеуметтік желілерде діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу, конфессияаралық келісімді насихаттау және зайырлылық құндылықтарын нығайтуға бағытталған 75 мыңнан астам материал орналастырылды.