«Бір күнде өзгертіп тастау оңай». Балаева паранджа мен никаб киюге қашан тыйым салынатынын айтты
Министр дін саласы министрлік алдындағы үлкен жауапты бағыт екенін айтты
Министр бетперде мен никабқа қатысты талқылаулар міндетті түрде ендігі жылы болатынын айтты, деп хабарлайды KYN.KZ.
«Дін мен мемлекет бөлек. Әр адамның діни сезімін құрметтеуіміз керек. Сол тұрғыда әрбір шешім жан-жақты қоғаммен талқыланып, зерделеніп, содан кейін қабылданады. Бір күнде өзгертіп тастау оңай. Ертең қандай шу болатынын, адамдар наразылығын білдіретінін ескеруіміз керек. Депутаттардың да нақты сауалдары болатын. Біріншіден, дін саласындағы тұжырымдамамызды анықтап алдық. Бүгінде не өзекті, қандай мәселелер нақты керек деген?! Ал енді қауіпсіздік тұрғысында міндетті түрде паранджа, никабқа қатысты ұстанымнан кеткен жоқпыз. Оны заңды тұрғыда қарау мәселесі, оның салдары бойынша қазір зерттеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Тағы да айтамын, ол тек қана біздің министрліктің құзыретінде емес. Қоғаммен ақылдасып жасалатын іс-шара», - дейді Аида Балаева.
Ол сондықтан талқылаулар міндетті түрде ендігі жылы болады деп айтты. Министр дін саласы министрлік алдындағы үлкен жауапты бағыт екенін атап өтті. Бұл бағытта үш өзара байланысты міндетке тоқталды.