«Мұндай факт бар»: Қорғаныс министрлігі әскердегі сарбаздар өлімінің негізгі себептерін атады
Қорғаныс министрлігі сарбаздардың өліміне арнайы сараптама жасаған
Қорғаныс министрінің орынбасары Сұлтан Қамалетдиновтың айтуынша, «қоғамда не болып жатса, армияда да сол болады», деп хабарлайды KYN.KZ.
«Біз әскер қоғамның бөлшегі екенін бірнеше рет айттық. Қоғамда не болып жатса ол әскерде де бар. Жасөспірімдердің өліміне жол берілмейді, бұған біз де келісеміз. Өкінішке қарай, мұндай факт бар», – дейді ол орталық коммуникациялар алаңында өткен баспасөз мәслихатында.
Оның сөзінше, Қорғаныс министрлігі арнайы сараптама жасаған. Сарбаздар өлімінің себептерін анықтауға тырысқан.
«Көбіне өлім денсаулық жағдайына байланысты болады. Екіншіден, ол жол-көлік оқиғалары. Әрине әскерилердің өзара қақтығысы да болады, біз мұны жоққа шығармаймыз. Оларға қызметтік тексеріс жүргізіледі. Кінәлелер әкімшлік жауапкершілікке тартылады», - дейді Сұлтан Қамалетдинов.