Қоғам

Полиция қызметкерлері қазақстандықтарға үндеу жасады

Қолайсыз ауа райында жолға шықпауды ескертті

Қостанай облысының полиция қызметкерлері қазақстандықтарға видео үндеу жолдады, деп хабарлайды KYN.KZ.

"Жолда төтенше оқиғаларды болдырмау үшін жол қозғалысының барлық қатысушыларынан, атап айтқанда жүргізушілерден төтенше жағдай хабарламаларын ескеруді, алыс сапарға шықпауды және автокөліктер арасындағы қашықтықты, жылдамдық режимін қатаң сақтауды сұрайды", - делінген полиция департаментінің ресми хабарламасында.
 

ІІМ ресми сайтындағы ақпаратқа сәйкес, қазіргі уақытта республикалық және облыстық маңызы бар 7 автожол көліктің барлық түрлері үшін жабық. Бүгін облыс орталығында 10 автокөліктің қатысуымен жаппай жол-көлік оқиғасы болып, оқиға орнынан ауруханаға 1 адам жеткізілді.