Қоғам

Қазақстандықтар Мәди Ахметовтің отставкаға кетуін талап етіп, петиция жариялады

Петиция 25 желтоқсанда «Alash» сайтында шыққан

Алматы облысының жастар саясаты басқармасының басшылық қызметіне тағайындалған Мәди Ахметов жұмысына кірісіп те үлгермей, қазақстандықтар Мәдиден бұл қызметті босатуды талап етіп петиция жариялады, деп хабарлайды KYN.KZ.

Петиция 25 желтоқсанда «Alash» сайтында шықты. Оған қол қойған 183 азаматтың 180-і жас мемлекеттік қызметшіні отставкаға жіберуге дауыс берді.

«Ол «қазақ жастарының атынан» Алматыда Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевқа ескерткіш орнатуды ұсынды. Назарбаевтың өзі ескерткіштен бас тартты. Кейін Мәди Ахметов президенттік сайлауда Қасым-Жомарт Тоқаевқа дауыс беруге шақырды», деп жазды петиция авторы.

Естеріңізде болса, Мәди Ахметов Алматы облысы әкімінің өкімімен аталған облыстың жастар саясаты мәселелер басқармасының басшысы болып тағайындалған еді.