Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Шығыс Қазақстан және Абай облыстарында жаңа 4 аудан құрылады

Шығыс Қазақстан және Абай облыстарында жаңа 4 аудан құрылады
Aiqyn.kz
Қатонқарағай ауданының әкімшілік орталығы Үлкен Нарыннан Қатонқарағай ауылына көшіріледі

Тоқаев "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысының кейбір мәселелері туралы" жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды KYN.KZ.

Жарлықта Шығыс Қазақстан облысы Қатонқарағай ауданының әкімшілік орталығы Қатонқарағай ауданының Үлкен Нарын ауылынан Қатонқарағай ауылына көшірілетіні айтылған.

Шығыс Қазақстан облысының құрамында:

▪️Қатонқарағай ауданының құрамынан бөлу жолымен әкімшілік орталығы Үлкен Нарын ауылында орналасатын Үлкен Нарын ауданы;

▪️ Күршім ауданының құрамынан бөлу жолымен әкімшілік орталығы Марқакөл ауылында орналасатын Марқакөл ауданы құрылады.

Абай облысының құрамында:

▪️ Үржар ауданының құрамынан бөлу жолымен әкімшілік орталығы Мақаншы ауылында орналасатын Мақаншы ауданы;

▪️ Семей қаласының құрамынан Абыралы, Айнабұлақ, Ақбұлақ, Алғабас, Ертіс, Новобаженово, Озерка, Приречный, Жиенәлі, Достық, Қараөлең, Көкентау ауылдық округтері мен Шүлбі, Шаған кенттерін бөлу жолымен әкімшілік орталығы Семей қаласының аумағында орналасатын Жаңасемей ауданы құрылады.

Ұқсас жаңалықтар