Қоғам

Бұрынғы әділет министрі Бекетаевты қамауда ұстау мерзімі ұзарды

Астана қалалық соты бұрынғы әділет министрін қамауда ұстау мерзімін 1 айға ұзартты

Бұұрынғы Әділет министрі Марат Бекетаевке лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланды деген айып тағылған еді, деп хабарлайды KYN.KZ.

Сот Қылмыстық-процессуалдық кодекстің 201-бабына сәйкес басқа деректерді жариялауға болмайтынын атап өтті.

Бұған дейін сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі бұрынғы әділет министрі қызметін асыра пайдаланды деген күдікпен ұсталғанын растаған болатын.

Ведомство ақпараты бойынша, ол қажет емес қызметтерге жыл сайын келісімшарт орнатып, мемлекетке аса ірі көлемде шығын келтірген.

Марат Бекетаев 2016 жылдан 2022 жылға дейін Әділет министрі қызметін атқарды. Ол қаңтар оқиғаларынан кейін қызметінен кетті.

Бекетаевтың есімі атышулы оқиғалармен есте қалды. Әділет министрлігінің бұрынғы басшысы қашқын Мұхтар Әблязовты қудалау ісін қадағалаған.

Сондай-ақ оның Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бұрынғы бірінші орынбасары Самат Әбішпен (Нұрсұлтан Назарбаевтың жиені) байланысы туралы ақпарат бар - Бекетаев оның жақын достарының бірі.

Бекетаевтың заңсыз активтерді «қайтарумен» айналысуы тиіс консалтингтік компанияларды құруға белсене қатысқанын да білдік. Бас прокурордың бұрынғы орынбасары Ұлан Байжановтың қызметінен босатылуына осы алаяқтықтарды қадағаламауы себеп болған деген болжам бар.