Қоғам

Батыс Қазақстанда ауыл әкімдігінің қызметкері 12 млн теңге жымқырған

Сот үкімімен әкімдік қызметкері 3 жылға бас бостандығынан айырылды

Қазіргі уақытта аталған іс Қылмыстық кодекстің 189-бабының 3-бөлігі «Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу» бойынша тергеліп, сотқа жолданды, деп хабарлайды KYN.KZ.

«Шағатай ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы 2020 жылдан 2023 жылға дейінгі кезеңде өзінің карточкалық шотына заңсыз ақша аудару жолымен 12 млн теңгеден астам бюджет қаражатын жымқырғаны анықталды», – делінген облыстық прокуратураның хабарламасында.

Сот үкімімен әкімдік қызметкері 3 жылға бас бостандығынан айырылып, қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіз мекемесінде жазасын өтейтін болды.

Үкім заңды күшіне әлі енген жоқ.