Қоғам

Ақша да, бизнес те жоқ - Шымкентте қайтарымсыз грантты қайтарып жатыр

Былтыр 452 азамат 1 млн 380 мың теңге қайтарымсыз грант алған

Қомақты қаражат көпбалалы отбасы, әлеуметтік осал топқа жататын тұрғындарға берілді, деп хабарлайды KYN.KZ.

Десе де, грантты алып алып мақсатсыз пайдаланатындар де кездеседі. Мәселен, тексеру барысында 20 азаматтың қаражатты мақсатсыз пайдаланғаны белгілі болды. Нәтижесінде сот шешімімен ақша қайтарылып жатыр.
 

Қазір грант алған тұлғалардың қаражатын неге жаратқанына мониторинг жасап жатырмыз. Алған ақшаны мақсатсыз жаратқандар бар. Олар қаражатты өзінің жағдайына қарай қайтарады, – дейді Шымкент қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Жанат Өтебаева.