Балабақшадағы дау – бала ыстық суға күйіп қалды
2 жасар қызды күйдіріп алған күтуші жұмыстан шығарылды
Ақтаудағы балабақшалардың бірінде гигиеналық процедуралар кезінде 2 жасар қызды күйдіріп алған күтуші жұмыстан шығарылды, деп хабарлайды KYN.KZ.
"Медбике мен тәрбиеші дереу шұғыл медициналық көмек көрсетті, ата-анасымен байланысып, жағдайды хабарлады. Ол кезде қызарып тұрған, жағдайы қанағаттанарлық болды. Алайда бір сағаттан кейін көпіршіктер пайда болды. Қатемізді мойындаймыз және осы оқиға үшін толық жауап береміз. Сондай-ақ, кез келген қосымша ақпарат беруге және баланы емдеу кезінде қажет болуы мүмкін көмекті көрсетуге дайынбыз. Балабақша басшылығы баланы емдеуге жұмсалған барлық шығынды өтеуге дайын", - деді меңгеруші.
"Оның әрекеттерін ақтай алмаймыз. Болашақта мұндай жағдайлардың алдын алу үшін қажет шараларды қабылдаймыз. Баланың ата-анасынан болған оқиға үшін тағы да кешірім сұраймыз", - деді меңгеруші.