Алматыда шешесі таксиде ұмытып кеткен кішкентай қызға қатысты жаңа дерек шықты
Кішкентай қыз аман-есен табылды
Полиция мәліметінше, төрт жасар Мармар Қалмақбайдың анасы қызын Жамбыл ауданынан Алматыға келе жатқан таксиде ұйықтатып, ұмытып кеткен, деп хабарлайды KYN.KZ.
2 қаңтар кешкі сағат 20:00 шамасында 39 жастағы Бақытгүл Қалмақбай кішкентай қызымен бірге Жамбыл ауданы Үмбетәлі ауылынан Алматы қаласына жету үшін Алматы-Бішкек тасжолында көлік тоқтатқан.
Сағат 20:49 шамасында әйел ұйықтап жатқан баланы белгісіз ақ көлікте қалдырып, өзі Райымбек даңғылында Б.Момышұлы көшесіне жетпей түсіп қалған.
«Кішкентай қыз аман-есен табылды. Полиция Мармарды ата-анасына тапсырды», - деп хабарлады ведомствода.