Қоғам

Instagram-дағы текетірес: Ақтөбеде төбелестен екі жасөспірім көз жұмды

Қайғылы оқиға қаңтардың 2-сінен 3-іне қараған түні болған

Қалаға қарайтын Қызылжар ауылында төбелес болғаны туралы полицияға хабар берілген, деп хабарлайды KYN.KZ.

Оқиға орнына жедел қызмет өкілдері жетіп, «Адам өлтіру» бабы бойынша қылмыстық істі тіркеді.

Алдын ала болжам бойынша, текетірес Instagram-да басталған. Жасөспірімдер көзбе-көз кездесіп мәселені шешпек болған.

2 қаңтар күні түнгі 23:00 шамасында екеуі пышақ жарақатын алып, есін жимастан көз жұмған.

Бұл іс бойынша процессуалды прокурор тағайындалды. Облыс прокуроры істі жеке бақылауына алды.