Қоғам

Маңғыстауда 300-ден астам өлі аққу табылды

Аққудың алғашқы өлекселері 21 желтоқсанда анықталды

"Қарақия-Қаракөл" қаумалының инспекторлары "Қаракөлдің" аумағын тексеру барысында 30-ға жуық өлі аққу тапты, деп хабарлайды KYN.KZ.

Содан бері мамандар жағалауды күнде тексеруде. Нәтижесінде, бүгінге дейін 300-ден астам өлексе жиналып, арнайы орындарда өртелген. Өлген аққулардың 90 пайызы балапандар.

Зерттеулердің қорытындысында қанаттылардың құс тұмауынан өлгені анықталды. Мамандар аққулар аш, әлсіз, сондықтан вирустық инфекцияға төтеп бере алмай қырылып жатқанын айтады. Себебі, көлде қоректік заттар жоқтың қасы.