«Құрмет» орденінен бас тартқан Әли Оқапов жаңа марапатқа ие болды
«Қызық премия» кешінде жүргізушілер әншіге арнайы номинация ұсынды
Әзіл-қалжыңға негізделген «Қызық премия» кешінде жүргізушілер Марат Оралғазин мен Еркебұлан Мырзабек «Камбэк-2023» номинациясын табыстады, деп хабарлайды KYN.KZ.
Себебі, өткен жылдың күзінде әнші желідегі хейттен кейін «Құрмет» орденінен бас тартатынын айтқан болатын.
«Әли, сен еліміздегі кез келген наградаға лайықты жансың. «Камбэк-2023» номинациясын табыстағалы тұрмыз. Бірақ бұл қайтып келмесін. Қайда жүрсек те, өзіміздің қазақ балаларын қолдайық», - деді жүргізушілер.
Кейіннен әншінің өзі әлеуметтік желіде ұйымдастырушыларға алғыс айтуды ұмытпады.