Қоғам

Бурабай лагеріндегі аспаздар балаларға стафилококкты тағам әзірлеген

Tамақ сынамаларында ішек таяқшасының бары белгілі болды

Ақмола облысының прокуратурасы хабарлағандай, тексеру барысында 400-ден астам бұзушылық анықталған, деп хабарлайды KYN.KZ.

Оның ішінде санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың сақталмағаны да бар.

Екі лагерьдің ас үйінде стафилококкты тағамдардың ұсынылғаны, тамақ сынамаларында ішек таяқшасының бары белгілі болды. Сондай-ақ, жеке меншік лагерьдің үшеуінде медициналық лицензия болмай шықты, ал медициналық пункттерде мерзімі өткен дәрі-дәрмектер қолданылғаны анықталды.

Тексеру нәтижелері бойынша 40 адам жауапқа тартылды, миллион теңгеге жуық айыппұл салынып, екі балалар лагерінің қызметі тоқтатылды.