Басты жаңалықтар

Ақтауда 3 қыз жүкті әйелдің үйіне басып кіріп, оны жабылып сабап тастады

апалы-сіңлілі қыздар келіншектен өз туыстары үшін кек алмақшы болған

Ақтауда 3 қыз жүкті әйелді жабылып сабап тастаған. Салдарынан зардап шеккен әйел облыстық ауруханаға жатқызылды. Дәрігерлер оның миы шайқалғанын анықтады, деп хабарлайды КТК арнасы.

Дәрігерлердің көмегінің арқасында, әйелдің құрсағындағы сәбиі аман қалды.