Қызылжарда 28 жасар жігіт 8 сынып оқушысын зорлады
Қызды зорлаған дене шынықтыру пәнінің мұғалімі
Қызылжарда 28 жастағы жігіт 8 сынып оқушысын зорлады. Әлеуметтік желіде осындай ақпарат тарады. Бейресми мәліметтерге сәйкес, күдікті- мұғалім. Ол қаладағы оқу орындарының бірінде дене шынықтыру пәнінен сабақ береді. Ал жәбір көрген қыз Аққайың ауданындағы Смирнов ауылының тұрғыны деген ақпарат бар. Құзырлы органдар бұл фактіні растағанымен, оқиғаның мән-жайы туралы айтқан жоқ.