22 жастағы бойжеткен: мені танысым алдап, қатты масайтатын сусын ішкізіп, зорлады
Бойжеткен құрбысымен барға барып, қайтарда танысынан қорлық көргенін айтты
Алматыда 22 жастағы аруды танысы белгісіз сусын ішкізіп, алдап, зорлық көрсеткен. Жәбір көрген бойжеткен бірнеше ай бойы әділдік іздеп жүр. Құзырлыларға жүгінген. Алайда іс орнынан жылжымай тұр деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі Астана арнасына сілтеме жасап.
Элина есімді бойжеткен құрбыларымен бірге демалыс орнында кеш өткізген. Біраз уақыттан соң бұрыңғы танысы келіп, қызды сөзге тартып, коктейль ұсыныпты. “Бір ұрттамнан кейін өзімді нашар сезініп, қатты масайып қалдым” дейді Элина. Сол кезде құрбысымен такси шақырады, алайда оны күдікті бірге баруға ұсыныс тастап, қыздарды шығарып салғысы келеді.
Элина, ЖӘБІРЛЕНУШІ:
Зорлықтың құрбаны болған бойжеткен құқық қорғау органдарына арыз жазып, қылмыстық іс қозғалды. Бірнеше ай бойы Элина психологиялық қиындықтардан жұмысына да шыға алмай қалды. 288 күндік тергеуден кейін полиция істі прокуратураға жөнелтеді. Алайда прокурор сол күні істі қосымша тергеуге жіберуді ұйғарды. Араша сұрап бойжеткен қоғамдық қордың көмегіне жүгінеді.
Кирилл ВШИВКОВ, "SVET" ҚОҒАМДЫҚ ҚОРЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:
Алматы қаласының прокуратурасы бұл іске қатысты ешқандай мәлімдеме жасамай, журналистердің хатына әлі жауап қайтармады. Алматы қалалық полиция департаменті сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатқанын хабарлады.
Салтанат ӘЗІРБЕК, АЛМАТЫ Қ. ПД РЕСМИ ӨКІЛІ:
22 жастағы Элина жантүршігерлік оқиғадан кейін күдікті жазасынан құтылып кете ме деп алаңдауда. Қазіргі уақытта ол бостандықта жүр.