Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Референдум-2026

Еліміздің төрт облысында жол жабылды

Еліміздің төрт облысында жол жабылды
ашық дереккөзі
Ауа райының қолайсыздығы салдарынан ірі төрт тас жол жабылды

Төрт облыста республикалық маңызы бар автожолдардың 4 учаскесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді, деп хабарлады ҚазАвтоЖол.

Ақтөбе облысында – 1 учаске

"Ақтөбе-Атырау-Астрахань" 97-330 км, Қандыағаш қаласынан Атырау облысы шекарасына дейін – 233 км. Шектеу автокөліктің барлық түріне қолданылады.

Жамбыл облысында – 1 учаске

"Алматы-Ташкент-Термез" 159-238 км, Кенен ауылынан Қайнар ауылына дейін – 79 км. Жүк көліктері үшін шектеу енгізілді.

Батыс-Қазақстан облысында – 1 учаске

"Орал-Тасқала- РФ шекарасы" 4-104 км, Орал қаласынан РФ шекарасына дейін – 100 км. Шектеу автокөліктің барлық түріне қолданылады.

Қостанай облысында – 1 учаске

"Қарабұтақ-Комсомольское-Денисовка-Рудный-Қостанай" 386-503 км, Денисовка ауылынан Рудный қаласына дейін – 117 км. Шектеу жүк және қоғамдық көліктерге қолданылады.

Дәл қазіргі уақытта республикалық маңызы бар автожолдарда 454 бірлік техника мен 586 жолшы жұмыс істеп жатыр.

kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар