Басты жаңалықтар

Қызылжарда әйелін пышақтап өлтіріп, тоғайға көміп тастаған ер адамға үкім шықты

Күйеуі әйелін өлтіріп алғаннан кейін інісімен бірігіп, марқұмды жерлеп тастаған

Қызылжар тұрғыны әйелін пышақтап өлтірген. Надир Абдуллаев түнде үйіне келіп, масайып алған әйелімен жанжалдасып қалған. Шиеттей баласының көз алдында жаға жыртыспау үшін олар жұбайымен бірге далаға шығуды жөн көріпті.

Артынша отағасы ашу- ызаға булығып, жарына бірнеше рет пышақ сұққан. Жәбірленуші ауыр жарақаттан қайтыс болды. Күйеуі мұнымен қоймай, мәйіттен құтылуға тырысады. Ол інісін шақырып алып, екеуі үйдің қасындағы тоғайға әйелді көміп тастаған. Тергеу мен сот процесі жарты жылға созылды. Сот бүгін күдіктіге қатысты үкім шығарды.