Қорғаныс министрлігі Назарбаев ескерткішіне қатысты түсініктеме берді
Министрлік ескерткіштің қорғаныс ведомствосы ғимараттарының бірінде уақытша сақтаулы тұрғанын айтады
Ұлттық қорғаныс университетінің аумағында ҚР тұңғыш президенті Назарбаевтың ескерткіші алынып тасталды.
Министрліктің мәліметінше, ескерткіш түбегейлі жойылған жоқ.
"ҚР Қорғаныс министрінің бұйрығымен "ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университеті" атауы "ҚР Ұлттық қорғаныс университеті" болып өзгертілді. Осыған байланысты Ұлттық қорғаныс университетінің аумағында орналасқан Назарбаев ескерткішін ҚР Қарулы күштерінің мемлекеттік әскери-тарихи мұражайының ғимаратына көшіру және орнату туралы шешім қабылданды", - дейді ведомстводағылар.
Министрлік ескерткіштің қорғаныс ведомствосы ғимараттарының бірінде уақытша сақтаулы тұрғанын айтады. Тиісті дайындықтан соң ескерткіш мұражай ғимаратына көшіріледі.