Мәдениет

"Қолыңнан келмесе орныңды босат!": Түсіпбаева Азамат Сатыбалдыны қатаң сынның астына алды

Түсіпбаева: Азамат, қара шаңырақтан қолыңды тарт!

Актриса Меруерт Түсіпбаева  "Қазақфильм" мен Азамат сатыбалды төңірегіндегі дауға араласып, әріптесіне кеңесін берді. Ол "Өзімді сатамын ба?" деген Сатыбалдыны сынның астына алып, қолыңнан келмесе орныңды босат деп қадап айтты.

"Кезінде Азамат Сатыбалды Есентаеваның "Баян сұлу - Қозы Көрпеш" сериалын сынағанымда, мені "хайп қуып отыр" деп сұхбат беріп едің! Ақыры, ол сериалды көрсетуге тыйым салды. Енді, КТК арнасына сұхбат беріп, "мен өзімді сатам ба?", "өзім білемін" депсің. Мейлі, өзіңді сат. Бірақ қара шаңырақтан қолыңды тарт! Менің атам, Шәкен Айманов атындағы қара шаңырақтың ауласын "қытай көліктеріне толтырам ба, оны жарнамалаймын өз еркім" деп айтыпсың. Қытай көлігін кіргізгенің - қақпаны ашқаның!

Ойлан, баста дәурен тұрмайды, бауырым. Асыра сілтеме! Сенен бұрын да "Қазақфильм" болған, Қытайдың көліктерін аулаға қоймай-ақ күн көрген! Қолыңнан келмесе, орынды босат! Содан кейін не істесең де, өз еркің. Қытайдың көлігін сат! Өзіңді сат! Тек арыңды сатпа, бауырым! Ақша табылады ғой, абырой қымбатырақ", - деп жазды Түсіпбаева.