Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Ермек Тұрсынов: "Таптым-ау, сені" фильмі таза- катастрофа

Ермек Тұрсынов: "Таптым-ау, сені" фильмі таза- катастрофа
коллаж kyn.kz
Режиссер: Былапыт сөзге толы фильмге баратындар- ессіз, болашақ қылмыскерлер

Режиссер Ермек Тұрсынов Қазақстанда үлкен экрандардан беріліп жатқан фильмдерде не мән, не мағына, көрерменге берер бір де бір ақыл мен өнеге жоғын айтып күйінді. Ол Ютуб желісіндегі "Мүмкін емес" арнасына берген сұхбатында  "Таптым-ау, сені"  фильмін көрерменге жасаған қастандық деп атады. Сөзінше өзі сол фильмді көруге арнайы барған. Авторлардың халыққа ұсынған сапасыз өнімінен жиіркеніп, балағаттай жаздадым дейді ол.

– Кино саласында тұтас деградация болып жатыр. Мен оны тіпті диверсия деп атаймын. Көз алдымызда болып жатқан нәрсе. Әнеубір мотоциклге мінген әйелді айтам, иә, «Таптым-ау, сені». Жалқауланбай барып қайттым. Бұл катастрофа! Ал залдар лық толы. Көз алдыңа елестете аласың ба? Ұлтымыздың уланғаны соншалықты, олардың бәрі ананы – бұл жерде боқтауға болмайды ә, соны көріп отыр. Көре отырып бәрі бақытты. Орнымнан тұрып, «халайық, сендерді алдап соғып жатыр, мына киноның бәрі өтірік, немеге көріп отырсыздар?» дегім келеді. Қазіргі киносымақтар... Қайдағы бір актерлар мен режиссерлер қаптап кетті. Экран быт-шыт – катастрофа. Мынаның бәрін көргенше өліп кетуім керек еді. Соның бәрі тапа-тал түсте болып жатыр. Цензура енгізу керек, – дейді Ермек Тұрсынов.

Режиссер сонымен қатар, сахнада стендаперлер аузына келгенін айтатынын еске салады.

– Өзінің «жігіттігін» боқтықпен жабатындарды қойшы, қазір солай қыздар да сахнада аузына келгенін көкиді. Мен оны қабылдай алмаймын. Сендерге не болған? Телевидениеде, әлеуметтік желіде не болып жатыр? Белгілі бір уақыттан кейін қылмыскерлер қоғамын қалыптастырамыз бұл түрімізбен, – дейді ол.

Ермек Тұрсынов Қазақстан бұрын үлкен түрме болғанын айтып, сол шаққа қайтып бара жатқан сияқтымыз деп қауіптенеді.

– Түрмелер бізде көбейеді әлі. Өйткені сол фильмдерге баратын аудитория – келешектегі қылмыскерлер. Өйткені олардың санасында ештеңе жоқ. Ол жақта нендей құндылықтар насихатталып жатыр? «Ұрлық жаса да, мал тап» дегендей әңгіме. Бұл жаппай деградация, – дейді ол.

kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар