Басты жаңалықтар

Атырау облысында 62 жастағы азамат үй ауласында өзіне жанармай құйып өртенді

Қазір денесінің 80%-і күйік шалған азаматтың жағдайы ауыр

Атырау облысында үстіне жанармай құйып өзін өртеген азамат жансақтау бөлімінде жатыр. Денесінің 80 пайыздан астамын күйік шалған науқастың жағдайы тым ауыр, деп жазды KYN.KZ  тілшісі КТК арнасына сілтеме жасап.

Оқыс жағдай Мақат ауданындағы Доссор кентінде болған. 62 жастағы азамат екі қабатты үйдің ауласында өзіне от қойды. Мұны көрген көршілері бірден көмекке ұмтылған. Өмірден баз кешкен тұрғынның бала-шағасы бар. Құзырлы орган өкілдері мұндай сұмдыққа отбасындағы жағдай себеп болған дейді.

"Өзін өзі өртеу дерегі бойынша ҚР ҚК 105-бабы, яғни өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу бабы бойынша тергеу жүргізілуде. Алдын ала ақпарат бойынша отбасылық жанжалдан соң өзін өртеп жіберген",-дейді  Атырау облысы ПД ресми өкілі Мейірім Ердәулет.