Саясат

Жетісу облысында депутатты пышақтап өлтіріп кетті

Полицияға хабарланғаннан кейін бес минут өткенде күдікті ұсталды

Жетісу облысы Алакөл ауданында депутат пышақ жарақатынан көз жұмды, деп хабарлайды облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Ол Алакөл аудандық маслихатының депутаты болған.

"15 қаңтар сағат 15:25-те Алакөл аудандық полициясына Үшарал қаласында салынып жатқан объектілердің бірінде мас амадның жұмысшыларға тиісіп жатқаны туралы хабарлама келіп түсті. Полиция келгеннен кейін жұмысшыларды жақтаған 34 жастағы ер адамға пышақ жарақатын салған күдікті 24 жастағы жергілікті тұрғын екендігін анықтады, ол оқиға орнынан қашып кеткен", - дейді ведомство.

Күдіктіні оқиға орнына келген полиция қызметкерлері қоңырау түскеннен кейін бес минут ішінде ұстаған. Ал жәбірленуші алған жарақатынан жедел жәрдем көлігінде қайтыс болды.

Күдікті қамауда, тергеу жүріп жатыр.