Прокурор: Боранбаев Мырзахметовке 18 млн доллар берді
Астанада "Атамекен" ҰКП бұрынғы басшысы Абылай Мырзахметовтың ісі бойынша алдын ала тыңдау басталды
Бұл туралы KYN.KZ тілшісі Ulysmedia.kz. сайтына сілтеме жасай отырып хабарлайды.
Прокурордың сөзі
Прокурордың мәліметінше, Абылай Мырзахметов Талғат Боранбаевтан Қайрат Боранбаевты босатып, сотқа дейінгі тергеуді тоқтату үшін 30 млн доллар сұраған.
Прокурордың айтуынша, кейінірек Талғат Боранбаев тағы 3 миллион доллар аударған. Қалған соманы Сергей деген бейтаныстың есепшотына аудару керек болған.
Айыпталушы не деп отыр?
Мырзахметов алқабилер сотынан бас тартты.
Оның адвокаты Нұрлан Бейсекеев соттан абақтыны, үйқамаққа өзгертуді сұрады.
Қандай айып тағылды?
Мырзахметовтің ұсталғаны туралы 2023 жылдың 10 мамырында белгілі болды, бірнеше күннен кейін ол қамауға алынып, тергеу абақтысына жабылды.
Ол алаяқтық жасады және кәсіпкерді аса ірі мөлшерде пара беруге итермеледі деген күдікке ілікті.
Мырзахметов кім еді?
2013 жылдан 2022 жылдың ақпан айына дейін "Атамекен"ҰКП басқарма төрағасы қызметін атқарды. Ол бұған дейін ҚР президенті жанындағы экономикалық өсімді қалпына келтіру жөніндегі мемлекеттік комиссияның мүшесі болған. Сондай-ақ, "Қазақстан Темір Жолы" РМК бас директорының міндетін атқарушы және "Самұрық-Қазына"қоры жанындағы қоғамдық-консультативтік кеңестің жауапты хатшысы болды.
Антикор 10 жылға бас бостандығынан айырылған Нұржан Әлтаев еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі қызметін атқарған кезінде 2018 жылдың ақпаны мен 2020 жылдың шілдесі аралығында Мырзахметовтен делдал арқылы 115 мың доллар және 8 млн 150 мың теңге алғанын мәлімдеді. Бұл қаражат ұлттық палатаның мүддесін қорғау үшін және лоббизм жасағаны үшін берілген.