Ажар Ғиният ағза доноры болуға дайын екенін айтты
Ажар Ғиният: Желтоқсан айында екі донор 9 адамның өмірін сақтап қалды
Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният ағза доноры болуға дайын екенін айтты.
Министр мәйіт донорлығы көптеген елдерде, соның ішінде Қазақстанда да проблема екенін атап өтті.
Ажар Ғиният бұл бағыттағы жұмыс жалғасатынын және ақпараттық түсіндіру жұмыстары жүргізелетінін атап өтті.
Бұған дейін «Қазақстан халқына» қорының басшысы Болат Жәмішев республикада мәйіт донорлығының қайта жұмыс істеуі үшін заңға өзгерістер енгізу керегін атап өткен болатын. Қордың мәліметінше, елімізде 4000 адам шұғыл түрде ағзасын ауыстыруға мұқтаж.