Басты жаңалықтар

Қытай азаматына тұрмысқа шыққан қыздың әкесі жұрттың сынына жауап берді

бірнеше тілді білетін қыз алдымен ата-анасының рұқсаты мен батасын алған

Жуырда Қытай азаматына тұрмысқа шыққан қыздың әкесі жұртшылыққа үндеу жолдады. Айтуынша, бұл жайттан соң оның отбасына қоқан-лоққы көрсеткендердің саны артып, тіпті "қызыңды өлтіріп таста" деген ұсыныс айтқандар болған деп хабарлайды Zakon.kz сайтына сілтеме жасаға KYN.KZ.

Басылымның жазуынша, редакцияға қыздың әкесінің хаты келіп түскен. Онда ол қызының бұл қадамына бастапқыда қарсы болғанын, алайда кейіннен перзенті үшін батасын бергенін жазған.

 width=

Оның айтуынша, қызы ата-анасына тұрмысқа шыққысы келетінін айтып, олардың батасын сұраған.

Менің алдымда екі жол тұрды: бірі - жастардың бақыты, екіншісі - отбасының ар-намысы. Мен қызымның бағына балта шаппайын деп шештім. Менің бастан кешкендерімді сезінбей жатып, ешкім мені түсінбейді деп ойлаймын", - деп жазған ол.

Қыздың әкесінің айтуынша, осы жылдың сәуір айында күйеужігіттің ата-анасы құда түсіп келген. Олар ҚХР азаматы, алайда 20 жылдан бері Қазақстанда тұрып, жұмыс істеген екен. Осылайша, қыздың ата-анасы Алматыда қазақтың барлық салт-дәстүріне сай етіп, ұзату тойын жасаған.

Әлеуметтік желілерге дәл осы той туралы ақпарат тарап кеткен соң, отбасы түрлі жайттарды бастан кешірген. Әкенің айтуынша, ең сорақысы, оған "қызыңды өлтіріп таста немесе бас тарт" деген ұсыныстар да келген.

"15 маусымнан бастап әлеуметтік желілерде (Facebook, Instagram, WhatsApp, БАҚ) мен танитын және танымайтын жандар маған қоқан-лоққы көрсете бастады. Олар қорқытып, намысымызға тиетін сөздер айтып, бүкіл руыма дейін қарғап-сіледі.

Олар жеке суреттеріміз бен деректерімізді таратамыз деп қорқытты. Бір таңғалғаным, еліміздің кейбір өнер адамдары ұлтаралық араздыққа жол беріп, түрлі желілерде біздің отбасымыздың фотосуреттерін жариялауда. Осылайша, олар ұлтараздықтың ел арасында одан ары өршуіне жол беріп отыр", - деді отағасы.