Алматы облысында кәсіпкерден пара алған судья сотталды
Ал пара беруші 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыруға сотталды
Алматы облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы сотталды, деп хабарлайды сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі.
Осы жылдың 17 қаңтарында Алматы облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы А. Абдрахмановқа және басқа да адамдарға қатысты үкім шығарылды.
Агенттіктің мәліметінше, судьяның заңсыз қызметін бұған дейін сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жоғарғы Сотпен бірлесіп тоқтатқан.
А. Абдрахманов Қарасай ауданы мемлекеттік кірістер басқармасының өндіріп алу бөлімінің басшысы А. Асилбековтың көмегімен екі ЖШС-ны банкрот деп танығаны үшін кәсіпкерден пара алды деп айыпталды.
"Қонаев қалалық сотымен А. Абдрахманов 4 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылды. А. Асилбековке 122,5 млн теңге айыппұл түрінде жаза тағайындалды. Пара берушіге 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы кесілді", - делінген агенттік хабарламасында.
Сотталғандар өмір бойы мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан айырылады.