Балаларға паспорт жасау құны екі есе арзандады
2024 жылдың қаңтарынан бастап төлқұжат алу бағасы екі есеге арзандады
Биылғы 1 қаңтардан бастап балаға төлқұжат дайындау үшін төленетін мемлекеттік баж мөлшері өзгерді. Егер бұрын балалар төлқұжатының құны 8 АЕК-ті құраса, қазір екі есе аз төлейді. Енді оны дайындау үшін ата-аналар 4 АЕК немесе 14 768 теңге төлейді.
Бұл ретте қызметке өтініш білдіру үшін баланың ата-анасының бірі келуі міндетті. Қызмет көрсетудің стандартты мерзімі – 15 жұмыс күні. Алайда, қосымша төлем жасау арқылы бұл процесті жеделдетуге болады. Шымкент тұрғындары процесті осы әдіс бойынша үш күннен бір жұмыс күніне дейін қысқарта алады.
Айта кетейік, 2023 жылы шымкенттік жас тұрғындарға 23 мыңнан астам төлқұжат берілді.