Блогерлер жарнамасын жасап жүрген "Молекула" арықтататын дәрісін ішкен әйелдің жүрегі тоқтады
Дәрігерлер 30 жастағы жүрегі тоқтаған әйелді, өлімнен аман алып қалды
Маңғыстау облысының дәрігерлері аса ауыр жағдайда ауруханаға түскен 30 жастағы әйелді өлім аузынан әрең дегенде арашалап қалған. Олардың сөзінше әйел артық салмақтан арылу үшін желіде жарнамасы мықты тараған "Молекула" дәрісін ішкен. Бұл туралы өңірдің денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасай отырып KYN.KZ тілшісі хабарлайды.
Желтоқсан айында аурухананың жедел жәрдем бөліміне жас әйел өте ауыр жағдайда жедел жәрдеммен жеткізілген. Қан қысымы күрт төмендеп, науқас кардиогенді шокқа түскен. Дәрігерлер ультрадыбыстық зерттеу кезінде жүректің жиырылу қабілетінің төмендегенін анықтады.
Кардиохирург Әбунасыр Суханов:
Жасанды жүрек-өкпе аппараты бір апта бойы науқастың денесінде болды. Емдеу нәтижесінде қан қысымы да қалыпқа келді. Оянғаннан кейін әйел құрылғылардан ажыратылды. Қазір науқастың жағдайы жақсы.
Науқастың анасы қызын аман алып қалуға мүмкіндік алған дәрігерлерге алғысын білдірді. Мейрамгүл Кенжебаева:
Айта кетерлігі, мұндай шұғыл операциялар медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі аясында, ал жоспарлы операциялар міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі аясында жүзеге асырылады.