Мәдениет

«Валерийден ұят болды-ау»: Валерий Меладземен ән айтқан Сәкен Майғазы күлкіге қалды (видео)

Қазақстандық әншілер Мақсатқызының 50 жасына келген Меладзеге өз әнін таласа орындады

«Бір-бірімізге әдемі кедергі жасап, нотадан ауытқып, арагідік, өз дауысымызды өзіміз естімей қалдық»

Smart News басылымының хабарлауынша, кеше ғана атақты продюсер Баян Алагөзова өзінің 50 жас мерейтойын дүркіретіп өткізді. Продюсердің мерейтойына қазақ эстрада, кино жұлдыздары қалмай барған.

Баян Алагөзова өзінің туған күніне әнші Валерий Меладзені шақырып ән шырқаған. Артынша сахнаға қазақстандық әншілер шығып кетіп, Меладзенің әнін орындаған.

Сәкен Майғазының Instagram желісіне жүктеген бейнежазбасында артқы жақта Валерий Меладзе мен Баян Алагөзова тұрса, алдыңғы жағында Айқын Төлепберген мен Сәкен Майғазы Валерий Меладзенің әнін шырқап жатыр. 

Желі қолданушылары аталған видеодағы Сәкен мен Айқынның дауысын сынап жарысты.