Нұрали Әлиев пен Алматыдағы жер сілкінісін хабарлау жүйесін не байланыстыратыны айтылды
Алматылықтар жер сілкінісі кезінде дабылды ескерту болмағанын айтып шағымданды
Алматы қаласының тұрғындары бүгін түнде әлеуметтік желілерде жер сілкінісі кезінде ескерту хабарламасы болмағанына шағымданған. Сиреналар қосылмай, SMS тек екі сағаттан кейін келді. Ақпараттың бәрі азаматтардың бәрі қол жеткізе алмайтын электрондық БАҚ арқылы тарады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Әлиевтің қандай қатысы бар?
Алматының құлақтандыру жүйесі мен Қазақстанның бұрынғы президентінің жиені Нұрәлі Әлиевті не байланыстыратыны белгілі болды. 2022 жылы төтенше жағдайлар департаменті TNS-INTEC компаниясымен жер сілкінісіе ерте ескерту жүйесін орнату туралы келісім жасаған.
Компанияның құрылтайшысы - Darmen Holding. соңғы иесі – Нұрәлі Әлиев, деп жазады Nege.Aqsha telegram арнасы.
Қол қойылған құжаттарға сәйкес, компания Алматы аумағында 28 станция орнатуы керек еді. Жоба бойынша станциялар ТЖМ мен сейсмология институтына жер сілкінісінің жақындағаны туралы алдын-ала сигнал беруі керек болған.
Қанша ақша жұмсалды?
Сондай-ақ Алматыда қуатты жер сілкінісі жайлы ерте хабарлаудың автоматтандырылған жүйесін құру үшін 1,1 млрд теңге игерілгені белгілі болды. Алматы ТЖД келісімшартына 2022 жылы қол қойылып, шарт орындалған. Ақша 2023 жылдың соңында төленген.
Сондай-ақ, мобильді қосымша арқылы халықты ақпараттандыру қажет болған.
Алайда іс жүзінде Алматы тұрғындары сиренаны естіген жоқ және алдағы жер сілкінісі туралы SMS-те алмаған.
TNS-INTEC
Компания мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор үшін бағдарламалық қамтамасыз ету қызметін әзірлейді. Компания клиенттерінің арасында ҚТЖ, Өзенмұнайгаз, Қазсушар, Алматы ТЖД атап өтуге болады.
Нұрәлі Әлиев
Нұрәлі Әлиев Дариға Назарбаева мен Рахат Әлиевтің тұңғыш баласы.
Forbes Kazakhstan деректеріне сәйкес, Нұрәлі Әлиевтің жағдайы 249 миллион долларға бағаланады.
Алматыдағы жер сілкінісі
Алматыда 23 қаңтар күні түнде қуатты жер сілкінісі болды. Қалалық денсаулық сақтау басқармасы 8 адамның жарақат алғаны жөнінде ақпарат таратты.
Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов үкімет отырысында (онлайн қатысты) жер сілкінісі 4 облыста болғанын, ең қуаттысы Алматыда болғанын мәлімдеді.
Құтқарушылар жер сілкінісі болған жағдайда мына 10 кеңесті есте сақтауға шақырды. Олар не дейді:
- Сабырлы болыңыз, үрейленбеңіз;
- Жер сілкінген кезде лифтті пайдаланбаңыз;
- Жиһаздардан, терезелерден, люстралардан алыс жүріңіз;
- Сенімді, берік орын табыңыз: егер сіз жоғарғы қабатта болсаңыз, қабырғалардың бұрышынан орын алыңыз;
- Үй-жайдан шығыңыз (көпқабатты үйлерде – дүмпу тоқтағаннан кейін);
- Суды, газды, электр қуатын өшіріңіз;
- Алдын ала дайындалған шұғыл сөмкені алыңыз;
- Электр желілерінен, ғимараттардан, ағаштардан аулақ болыңыз;
- Жер асты дүмпулеріне дайын болыңыз;
- Балаларға, қарттарға, мүгедектерге көмек көрсетіңіз.