Қоғам

Елімізде 4 күн ішінде 1800-ден аса афтершок тіркелді

Елімізде әлсіз жер дүмпулері төрт күн бойы тоқтамаған

26 қаңтарға дейін Қазақстан бойынша 1800-ден астам афтершок тіркелсе, оның ішінде Алматыда 2 балдық жер сілкінісі 11 рет болған, деп хабарлайды KYN.KZ Сейсмологиялық байқау және зерттеулер ұлттық ғылыми орталығына сілтеме жасап. 

Сейсмологиялық бақылау және зерттеулер ұлттық ғылыми орталығы өкілдерінің хабарлауынша, 23-26 қаңтар аралығында Қазақстан бойынша 1800-ден аса әлсіз афтершок тіркелген.

"Бұл жер дүмпуі белсенділігі күні бүгінге дейін жалғасуда, бұл табиғи құбылыс. Бұл процестің қанша уақытқа созылатынын нақты айту қиын. Бұл көптеген факторларға байланысты: мәселен эпицентрі орналасқан аймақтың сейсмикалық деңгейі. Жер сілкінісінің орналасқан жері, жер қыртысының геологиялық құрылымы, тектоникалық ерекшеліктері және басқа да параметрлері де әсер етеді. Әдетте сейсмикалық процесі бірте-бірте басылып қалыпты режимге түседі", - деді сейсмологтар.