Басты жаңалықтар

"Майқайыңалтын" аумағында жер астына құлаған автобустың дөңгелегі табылды

"Майқайыңалтын" АҚ аумағында құлап кеткен автобусты іздестіру жалғасуда.

Бұл туралы Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов Instagram парақшасында жария етті, деп хабарлайды KYN.KZ. 

Байханов 4 қаңтардан бастап "Майқайыңалтын" АҚ тау-кен ауданындағы опырылған жерде іздестіру жұмыстары тоқтаусыз жалғасып жатқанын атап өтті.

"Шұңқырдың түбіндегі шағын экскаватормен қатар гидравликалық балғасы бар екінші қосымша экскаватор жұмыс істеуде. Оның көмегімен үлкен тастар ұсақталуда. Мен қазір оқиға орнындамын. Бүгінгі жұмыс барысында құтқарушылар автобустың дөңгелегін тапты. Қазіргі уақытта бұл шұңқырға құлаған автобустың ең үлкен бөлігі. Іздестіру жұмыстары жалғасуд", - деді Асайын Байханов.