"Шаңырағымның әппақ гүлдері": Гүлзира Айдарбекова екі келіні іздеп тұратынын айтты
Продюсер Гүлзира Айдарбекова ортаншы және кенже ұлының әйелі жайлы айтты.
Қайрат Нұртастың анасы Instagram желісіндегі парақшасында қос келінінің соңғы уақытта өзін жиі іздейтінін атап өтті, деп жазады KYN.KZ.
Продюсер әлеуметтік желіде екі келінімен түскен суретті жариялаған. Сонымен қатар Айдарбекова келіндеріне себепсіз хабарласа бермейтінін де айтты.
"Негізі Нұртас балалары мен келіндері, немерелерімен күнде хабарласып отырады. Мен жұмысым болмаса, мүлде хабарласа бермеймін. Бірақ келіндерім соңғы уақытта "Мама, қалайсыз? Сізде бәрі жақсы ма?" деп көп жазып жүр. Сағынып жүргендерін жүрегім сезеді. Іздеп тұрғандары жүрегімді елжіретіп жібереді. Келін жақсы болса, балаларың да жақсы ғой. Анашым "Балам жаман болса да, келінім адал болсын" деуші еді". Өте орынды айтылған сөз екен. Келіндерімнің жүзі жарқын болсыншы. Менің шаңырағымның шамшырақтары, әппақ гүлдері солмасын", - деп жазды продюсер.