Қоғам

Астанада оқушы қызды бірнеше жасөспірім зорлаған: Балалар омбудсмені пікір білдірді

Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева Астанадағы мектептердің бірінде 8-сынып оқушысын 11-сыныптың бірнеше оқушысы зорлауына қатысты пікір білдірді.

Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева Астанадағы мектептердің бірінде 8-сынып оқушысын 11-сыныптың бірнеше оқушысы зорлауына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды KYN.KZ.

Динара Зәкиеваның cөзінше, бұл дерек 2024 жылғы 17 қаңтарда Қылмыстық кодекстің 121-бабының 4-бөлігі бойынша тіркелген.

«Күдіктілер ұсталды және уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қыздың анасымен байланыстамын. Қызбен психологтар жұмыс істеп жатыр», - деп жазды ол Instagram-дағы парақшасында.

Бұған дейін Астанадағы мектепте сегізінші сынып оқушысын бірнеше жасөспірімнің зорлағаны туралы ақпарат тарады.

Оқушы қызды 11-сыныптың бірнеше оқушысы зорлағаны айтылып жатыр. Оқиғаның мән-жайы әзірге белгісіз. Астана полиция департаментінің баспасөз қызметі ҚР Қылмыстық кодексінің 121-бабының 4-бөлігі («Сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттер») бойынша тергеу басталғанын хабарлады.