"Адамдарды жолда атып өлтіріп, денесін орманға көмген": Қазақстанда атышулы қылмыстық топтың соңғы мүшесі ұсталды
Ақмола облысының полицейлері 26 жылдан кейін, 90-жылдардағы қылмыстық топтың соңғы қатысушысын ұстад
Банда мүшелерінің есебінде төрт адам өлтіру, жүргізушілерге жасалған тонау шабуылдары, экономикалық контрабанда және билік өкілінің немесе лауазымды тұлғаның атағын өз бетінше тағайындау фактілері бар, деп хабарлайды KYN.KZ Ақмола облыстық ПД-ға сілтеме жасап.
"Өзінің қылмыстарын 26 жыл бұрын жасай бастады.
1998 жылдан бастап милиция қызметкерлерінің нысанды киім-кешектерін киіп алып, автоматты атыс қаруымен қаруланған қылмыскерлер қала сыртындағы автожолдарда жезлдің көмегімен автокөліктерді иемдену мақсатында тоқтатып, жүргізушілер мен олардың жолаушыларын атып тастайтын.
Денелерді орман алқаптарына көму арқылы жойып, ал автокөліктерді заңсыз сатқан", - делінген хабарда.
1999 жылы банданың төрт мүшесін полиция қызметкерлері ұстады. Кейіннен сот үкімімен олардың екеуі өлім жазасына, қалғандары ұзақ бас бостандығынан айырылды. Құжаттарды, тегін, атын, әкесінің атын және туған жылын заңсыз өзгерткен, сыртқы түрін өзгерткен және 26 жыл бойы құқық қорғау органдарынан жасырынған топтың бір ғана мүшесі әділеттіліктен қашып құтыла алды.
Ағымдағы жылдың 27 қаңтарында жедел-іздестіру іс-шаралары мен ұзақ әзірлемелердің нәтижесінде, топтың соңғы қатысушысы Көкшетау қаласында ұсталды. Қазіргі уақытта қажетті тергеу рәсімдері жүргізілуде.